«Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 295 бұйрығы

 «Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 295 бұйрығы

 

1. «Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10327 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Кластан тыс және 1-ші кластағы теміржол вокзалдарында вокзалдардың техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне байланысты жолаушылар мен халыққа қызмет көрсетуге байланысты қызметтердің қосымша түрлері ұсынылуы мүмкін: қол жүгін сақтау камералары, транзиттік жолаушылардың ұзақ демалу бөлмелері, тамақтану пункттері, шаштараздар, дүкендер, сауда дүңгіршектері, пошта бөлімшесі, айырбастау пункті, дәріханалар, банкоматтар, төлем терминалдары, интернет (WI-FI).

Сервистің барлық пункттері тәулік бойы жұмыс істеуі және мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін оңай қолжетімді болуы тиіс»;

9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9-1. Мүгедектігі бар адамдардың теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін теміржол вокзалдарында:

1) жергілікті атқарушы органдардың мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын тұраққа қою үшін арнайы жол белгілерін орната отырып, орындар бөлуі;

2) ғимараттардың, ғимараттарға кірме жолдың (ғимаратқа кіреберістің, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластыруы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.